23 қыркүйек 2022
Subaru – автоәуесқойлардың таңдауы. «Жыл көлігі» онлайн-дауыс беруде брендтің қандай үлгілері жеңіске жетті?
Биыл Subaru-дың қоржыны тағы да екі марапатқа толықты: Subaru Outback тоғызыншы рет «Жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебаптар» санатында үздік атанса, Subaru Forester «Жеңіл жол талғамайтын көліктер» санатында төртінші рет жеңіске жетті.
Аталған жоба тарихында Subaru автокөліктері осымен 15 рет бірінші орынға ие болып отыр.
Өткен жылдардағы ие болған «Жыл көлігі» марапаттары:
- 2021: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2020: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2019: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2018: Subaru XV – ең үздік ықшам жол талғамайтын көлік
- 2017: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2016: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2015: Subaru Forester – ең үздік жол талғамайтын жыл көлігі (жеңіл жол талғамайтын көлік)
- 2014: Subaru Forester – ең үздік жол талғамайтын жыл көлігі (жеңіл жол талғамайтын көлік)
- 2011: Subaru Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2007: Subaru Legacy Outback - ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2006: Subaru Forester – ең үздік жол талғамайтын жыл көлігі (жеңіл жол талғамайтын көлік)
- 2005: Subaru Legacy Outback – ең үздік жүріп өту мүмкіндігі жоғары әмбебап көлік
- 2003: Subaru Impreza – «шағын орта тап» санатындағы ең үздік көлік