02 наурыз 2021

Subaru қоржынында қауіпсіздік бойынша бірден тоғыз марапат бар

Subaru of America, Inc. компаниясы Subaru автокөліктерінің 2021 модельдік жылғы желісінің АҚШ-тың Жол қауіпсіздігі сақтандыру институтының (IIHS) бес TOP SAFETY PICK+ марапатына және төрт TOP SAFETY PICK марапатына ие болғанын хабарлады.

Сонымен Subaru барлығы тоғыз IIHS марапатына ие болды, атап айтқанда:

TOP SAFETY PICK+ 2021

  1. Subaru Crosstrek Hybrid (TSP + қатарынан үш жыл)*
  2. Subaru Forester (TSP қатарынан 15 жыл)*
  3. Subaru Legacy (TSP қатарынан 16 жыл)*
  4. Subaru Outback (TSP қатарынан 13 жыл)*
  5. Subaru Ascent (TSP қатарынан төрт жыл)*

TOP SAFETY PICK 2021

  1. Subaru Crosstrek – EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесімен және бейімделетін фараларымен. (TSP қатарынан 10 жыл) *
  2. Subaru Impreza – EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесі мен бейімделетін фаралары бар седан. (TSP қатарынан 14 жыл) *
  3. Subaru Impreza – EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесі мен бейімделетін фаралары бар бес есікті универсал. (TSP қатарынан 14 жыл) *
  4. Subaru WRX - EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесімен және бейімделетін фараларымен. (TSP қатарынан 8 жыл) *

2021 жылы TOP SAFETY PICK немесе TOP SAFETY PICK+ марапатын алу үшін автокөліктер IIHS жүргізген алты апат сынақтарының әрқайсысы бойынша «Жақсы» бағасын; фаралар сынағында «Жақсы» немесе «Қолайлы» бағасын алуы тиіс, сонымен қатар алдыдан соқтығысуларды және жаяу жүргіншілерді қағуды болдырмау бойынша бағалары «Ілгерінді» немесе «Үздік»болуы тиіс. «Плюс» бағасы «Жақсы» немесе «Қолайлы» деген баға алған фаралармен жабдықталған модельдерге беріледі.

«Біз IIHS ұйымының 2021 жылғы модельдік автокөліктер желісі үшін тоғыз марапатқа ие болғанымызды мақтан тұтамыз», – дейді Subaru of America, Inc. компаниясының президенті және атқарушы директоры Томас Дж. Долл. «Біздің мақсатымыз – клиенттерге сапа, қауіпсіздік, жайлылық және құндылықтардың жоғары стандарттарына сәйкес жасалған автокөліктерді ұсыну».

* 2013 жылдан бастап Subaru 52 TOP SAFETY PICK + марапатын жеңіп алды, бұл кез келген басқа марканың марапаттарынан көп.

** IIHS 2021 жылғы жеңімпаздарының толық тізімін IIHS веб-сайтынан табуға болады: https://www.iihs.org/ratings/top-safety-picks

* Өтінімге АҚШ нарығына арналып шығарылған автокөліктер қатысты. Subaru of America және Subaru Canada тарапынан жүргізілген зерттеулер негізінде.

** 2021 жылғы ақпан айындағы ахуал бойынша

Сұрау жіберу
icon icon icon icon icon

www.atyrau.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.