10 маусым 2021

Subaru Outback «Ресейдегі жыл автокөлігі» сыйлығында өткіштігі жоғары универсалдар арасында сегізінші мәрте ең үздік болып танылды.

2021 жылғы 10 маусымда Мәскеуде «Известия Hall» сарайында «Ресейдегі Жыл автокөлігі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Subaru Outback сегізінші рет «Өткіштігі жоғары универсалдар» санатында үздік деп танылды.

«Ресейдегі Жыл автокөлігі» — бүкіл ел бойынша автокөлік әуесқойларының талғамдарын зерттейтін бірегей зерттеу жобасы және әлемдегі ең ауқымды автокөлік байқауларының бірі. Дауыс беруге қатысушылар Калининградтан Камчаткаға дейін –бүкіл Ресейдің автокөлік жүргізушілері–. Аудитория әйелдер мен жастар буынының қосылуы арқылы белсенді түрде ұлғайып келеді. Ең көп үлес 30-дан 34 жасқа дейінгі аралықта – 27% – (бір жыл бұрын 24%, 35-39, болған), 39 жасқа дейін – 65% (бұрынғысы 59 %). 2021 жылғы маусымда дауыс беруге қатысушылар 23 класс бойынша: «Қалалық автокөліктерден» бастап «Фургондарға» дейін, «Жыл жаңалығы», «Гибридтер мен электрокарлар», «Жаппай және премиум сегментіндегі сүйікті брендтер» арнайы номинацияларында, сондай-ақ «Ең танымал Қытай бренді және автокөлік» Ресей нарығында ұсынылған Қытай автокөліктерінің арасында екі номинациясында үздік автокөліктерді таңдады. Ipsos зерттеу компаниясы деректерді талдауды және нәтижелерді есептеуді қамтамасыз етті.

Subaru автокөліктері әртүрлі номинацияларда талай бірінші орындарға ие болды. Биыл Subaru Outback брендтің он үшінші жеңісін әкелді.

Алдыңғы жылдардағы «Жыл автокөлігі» сыйлықтары:

  • 2020: Subaru Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2019: Subaru Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2018: Subaru XV – үздік ықшам жол талғамайтын көлік
  • 2017: Subaru Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2016: Subaru Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2015: Subaru Forester – жылдың жол талғамайтын көлігі (жеңіл ықшам жол талғамайтын көлік)
  • 2014: Subaru Forester – жылдың жол талғамайтын көлігі (жеңіл ықшам жол талғамайтын көлік)
  • 2011: Subaru Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2007: Subaru Legacy Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2006: Subaru Forester – жылдың жол талғамайтын көлігі (жеңіл ықшам жол талғамайтын көлік)
  • 2005: Subaru Legacy Outback – өткіштігі жоғары үздік универсал
  • 2003: Subaru Impreza – шағын орта класс «номинациясындағы үздік»
icon icon icon icon icon

www.atyrau.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.