Subaru WRX

23 990 000 тг бастап

Ерекшеліктері

Әрдайым көпті талап етіңіз

Әрдайым көпті талап етіңіз

Ұнайтын іспен айналысыңыз, бұдан қымсынудың қажеті жоқ. WRX сізге барынша құмарлықты сезіндіру және әр сәтті толқытатын шытырман оқиғаға айналдыру үшін жасалған. Сапар барысында да, не межелі жерге жеткенде де сіз әрдайым толыққанды өмір сүруге әзір боласыз. Күн сайын, WRX сізге барынша көп әсер сыйлауға дайын тұрады.

Керемет қуат пен бақылау мүмкіндігін айқындайтын дизайн

Керемет қуат пен бақылау мүмкіндігін айқындайтын дизайн

Жарыс жолдарындағы жетістіктен шабыт алған Subaru, WRX спорттық стилі айқын қуатын пішін сымбаттылығымен керемет үйлестіреді. Төмен аспасы жарықдиодты фараларға және алдыңғы бөлік дизайнына танымалдылық береді. Аса төмен, аса жалпақ әрі агрессивті - осының бәрі WRX қуаты мен жылдамдығын көрсетеді. 18 дюймдік дөңгелектер жол үстіндегі толық бақылау әсерін қамтамасыз етеді

Кедергілерді еңсеріңіз. Мүмкіндіктерді басқарыңыз

Кедергілерді еңсеріңіз. Мүмкіндіктерді басқарыңыз

Таңдандыратын динамика. Тамаша орындалу сапасы. Жол сапасына қарамастан керемет тұрақтылыққа ие WRX әлемді мүлдем басқа қырынан көруге мәжбүрлейді. Ол сізді өзінен көз алдыртпай қоймайды және өзі сыйлаған әсері жадыңыздан шықпайтын болады.

Тізгінді өзіңізге алыңыз

Тізгінді өзіңізге алыңыз

Қозғалтқышты алғаш оталдырған сәттен бастап, автокөлік лайықты асфальт жолға шығуға сұранып тұрады. Басқару мүмкіндіктерін арттыру және оның симметриялы толықжетекті трансмиссиясының бар мүмкіндігін пайдалану үшін күш қаңқасының беріктігі жоғарылатылды. Автокөлікті байыпты, ыңғайлы әрі қызықты жүргізу үшін жалпы бақылау мүмкіндігі мен қауіпсіздікті арттыру мақсатында аспаның серіппелері, амортизаторлар, жүріс бөлігінің тұрақтылығы жетілдірілген.

Сіздің ырғағыңызға ыңғайланады…

Сіздің ырғағыңызға ыңғайланады…

Subaru Performance Transmission вариаторы WRX-ты өзіңіз қалағандай басқаруға мүмкіндік бере отырып, берілістерді лезде әрі сезімтал қосу арқылы нақ әрі болжамды жүрісті қамтамасыз етеді. Амортизаторлардың қаттылығын электрондық басқару функциясымен жабдықталған жетілдірілген аспа жүйесі қуатты жоғалтпастан максималды жайлылықты қамтамасыз етеді, соның арқасында айрықша басқару мүмкіндігі мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Шексіз ләззат

Шексіз ләззат

Салонға үңіліп, әсем спорттық орындықтарды және былғарымен қапталған рульді бағалаңыз. Мұнда спорттық мәнерде жүргізу үшін, барлық жолаушылар үшін жайлы әрі ыңғайлы болу үшін керектің бәрі бар.

Былғарымен қапталған қызыл тігісі бар D тәрізді руль

Былғарымен қапталған қызыл тігісі бар D тәрізді руль

Қызыл тігіспен стильді екпін жасалған D тәрізді руль керемет басқару және бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

11,6 дюймдік орталық дисплей

11,6 дюймдік орталық дисплей

Үлкен 11,6 дюймдік сенсорлы дисплей аудиожүйе мен басқа да пайдалы функцияларды интуитивті түсінікті әрі смартфондағыдай басқару тәсілін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Apple CaPlay* и Andoid Auto** сияқты ақпараттық және ойын-сауық қызметтерінің кең спектрін қолдайды.

Іштегі сенімді технологиялар
Симметриялы толық жетек (AWD)

Қозғалтқыштың қуатын әр дөңгелекке беру арқылы симметриялы Subaru толық жетегі сулы әрі тайғақ жолда ілінісу сипаттамаларын жақсартады. Негізгі компоненттердің бойлай орналасуының арқасында бұл жүйе жоғары тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін төмен ауырлық ортасы бар жақсы теңгерілген конструкциямен ерекшеленеді.

SUBARU BOXER қозғалтқышы

Subaru компаниясы осымен 50 жылдан астам уақыт бойы өз автокөліктерін SUBARU BOXER қозғалтқыштарымен жабдықтап келеді, бұл қозғалтқыштың басқа типті күш агрегаттарының алдындағы артықшылықтары көп. 2,4 литрлі турбиналы, отынды тікелей бүрку жүйесі бар WRX қозғалтқышының поршеньдері көлденең бағытта бір біріне қарсы бағытта қозғалады, осының арқасында конструкцияның беріктігі мен сенімділігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жүріс кезіндегі айрықша тұрақтылыққа және дірілдің минималды болуына кепілдік беріледі.

Subaru жаһандық платформасы (SGP)

SGP автокөлікке тамаша спорттық мәнерде басқару мүмкіндігін береді, жүргізу жайлылығы мен ләззатын сыйлайды, бұл қасиеттер Subaru-ға тән. Шанақ қаттылығы мен құрылым беріктігі толықтай ішкі рама деп аталатын оңтайландырылған конструкцияның арқасында жағымсыз дірілдер мен шуды азайту үшін жақсартылған.

Subaru Performance Transmission трансмиссиясы

Кез келген автосүйерге сай келетін жүрістің нақ әрі болжамды болуына қажетті берілістердің тез әрі дәл қосылуы спорттық жүрісті қамтамасыз етеді. Үдеудің жақсартылған сипаттамалары, акселератор педалінің басылуына тиімді жауап қайтару, қажетсіз діріл мен шудың азайтылуы, сондай-ақ отынның жоғары үнемділігі жүргізуден алатын ләззатты арттырады.

Екі тегершігі бар рульдің электркүшейткіші

Рульдің минималды кідіріспен спорттық әрі сезімтал басқарылуын қамтамасыз етеді. Тегершіктер күшейткіштің электрқозғалтқышы мен руль бағанының білігі арқылы қозғалысқа келтіріледі, осының арқасында руль бағанының білігіне үйкелісі азайып, айналдыру моментінің берілісі біркелкі әрі тізбекті болады.

Жүріс режимін таңдау

Жалғыз отырып, спорттық мәнерде жүргізуден ләззат алғыңыз келе ме әлде отбасыңызбен бірге саяхатқа аттанғыңыз келе ме? WRX кез келген сапарды әсерлі етеді. Drive Mode Select *2 жүріс режимдерін таңдау жүйесі жүргізушіге алдын ала орнатылған төрт режимді (Comfort, Normal, Sport, Sport+) жүргізудің кез келген жағдайы үшін ұсынады. Өз параметрлеріңізді «Жеке» режимінде орнатуға болады.

Аэродинамикалық дизайн

WRX-ті әзірлеу кезінде инженерлер аэродинамикалық кедергіні азайтуға және жүріс кезіндегі тұрақтылықтың жоғарғы сипаттамаларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді. Шанақтың жоғарғы және төменгі бөліктерінің конструкциясын түрлендіру жоғары жылдамдықта шайқауды азайтып, аса жайлы жүрісті қамтамасыз етеді.

img
img
img
img
img
img
img

Subaru жан-жақты қауіпсіздігі

БАСТАПҚЫ ҚАУІПСІЗДІК
Тамаша көру мүмкіндігі, оңтайлы жүргізу қалпы және түсінуге жеңіл басқару элементтері қозғалыс басталмай тұрып-ақ қауіпсіздікті көрсетеді.

АКТИВТІ ҚАУІПСІЗДІК
Симметриялы толық жетек және SGP платформасы сияқты технологиялар жүру, бұрылыстардан өту және тежеу кезінде негізгі параметрлерді дәл бақылауды
қамтамасыз етеді.

ЕСКЕРТУШІ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
EyeSight сияқты озық қауіпсіздік технологиялары соқтығысудың алдын алуға көмектеседі.

ПАССИВТІ ҚАУІПСІЗДІК
Соқтығысу жағдайында пассивті қауіпсіздікті шанақ конструкциясы, қозғалтқыштың орналасу қалпы
және қауіпсіздік жастықтары қамтамасыз етеді 

Жақсартылған көрініс

Жақсартылған көрініс

Динамикалық тұрақтандыру жүйесі

Динамикалық тұрақтандыру жүйесі

Тарту векторын белсенді басқару жүйесі

Тарту векторын белсенді басқару жүйесі

Артқа жүру кезіндегі автоматты тежеу жүйесі (RAB)

Артқа жүру кезіндегі автоматты тежеу жүйесі (RAB)

Subaru Rear Vehicle Detection (SRVD) қауіпсіздік жүйесінің кешені

Subaru Rear Vehicle Detection (SRVD) қауіпсіздік жүйесінің кешені

Сақина тәріздес пішінді күшейтілген қаңқа

Сақина тәріздес пішінді күшейтілген қаңқа

Пассивті қауіпсіздік жүйесі (SRS)

Пассивті қауіпсіздік жүйесі (SRS)

Жүргізуші жағдайын бақылау жүйесі (DMS)

Жүргізуші жағдайын бақылау жүйесі (DMS)

Subaru EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесі

EyeSight жүйесі жүргізушіге руль басқару кезінде тыныштық пен сенімділік сыйлайды. Суреттерді анықтау және басқару үшін бағдарламалық құралдың жаңарту, сондай-ақ жетілдіру, соның ішінде стереокамераларды алдыңғы әйнекке орнату автокөлікті басқару кезіндегі қауіпсіздікті және көптеген шынайы жол жағдайларында қауіпсіздікті жоғарылатады.

Subaru EyeSight жүйесінің ерекшеліктері

Бейімделетін круиз-контроль.

Бейімделетін круиз-контроль.

Қозғалыс жолағында ұстау жүйесі.

Қозғалыс жолағында ұстау жүйесі.

Қозғалыс жолағында түзеу жүйесі және алдағы автокөліктің қозғалысты бастағаны туралы ескерту жүйесі

Қозғалыс жолағында түзеу жүйесі және алдағы автокөліктің қозғалысты бастағаны туралы ескерту жүйесі

Акселераторды апат алды басқару жүйесі.

Акселераторды апат алды басқару жүйесі.

Алдын ала тежеу жүйесі

Алдын ала тежеу жүйесі

Апаттық рульді басқаратын автономдық жүйе

Апаттық рульді басқаратын автономдық жүйе

EyeSight — бұл жүргізушінің көмекші жүйесі, оның қызметі кейбір қозғалыс жағдайларында шектеулі болуы мүмкін. Жүргізуші көлікті қауіпсіз және мұқият жүргізуге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтауға әрдайым жауапты болады. Бұл жүйенің тиімділігі көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің техникалық жағдайы, ауа райы және жол жағдайына байланысты болады. EyeSight жүйесінің жұмысы мен шектеулері туралы толық ақпарат
соның ішінде, осы брошюрада сипатталған функциялар туралы ақпаратты пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
Қауіпсіздік белбеулерімен тиімді үйлеседі.
Жүргізуші көлікті қауіпсіз және мұқият жүргізуге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтауға әрдайым жауапты болады. Жүргізу қауіпсіздігі мәселесінде тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету пакетінің функцияларына және/немесе жүргізушінің жағдайын бақылау жүйесіне ғана сенуге болмайды. Бұл жүйенің мүмкіндіктері шектеулі. Жүйе мен оның шектеулері туралы толық ақпарат пайдалану нұсқаулығында берілген. Толығырақ ақпаратты сатушыдан алуға болады.
Опция түрінде.
Апат алды тежеу жүйесі кейбір жағдайда іске қосылмай қалуы мүмкін. Нысандардың жылдамдығының, биіктігінің айырмашылығына және басқа да жағдайларға байланысты, әр жағдайда EyeSight тиімді жұмысына
қажетті шарттар сақталмай қалуы мүмкін.

Экстерьер мен интерьер бөлшектері

Жарықдиодты фаралар

Жарықдиодты фаралар

Бифункциялы фаралар аса көркем бола түсті және автокөліктің алдыңғы бөлігіне шымыр әрі сұсты түр беріп тұр. Бұрылыстарды динамикалық жарықтандыру жүйесі (SRH) бұрылыстардан
өткенде көріністі жақсартады, соның арқасында тәуліктің қараңғы мезгілінде қауіпсіз жүру мүмкіндігін арттырады.

18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер (WRX)

18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер (WRX)

18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер WRX-тің бүйірлік көрінісін сұсты етіп, автокөліктің спорттық әрі стильді келбетін жасап тұр.

Артқы құрама шамдар

Артқы құрама шамдар

Үшкірленген және енді артқы шамдар артқы бөліктің тамаша көрінісін жасайды. Еркін жарық суреті автокөліктің қуатын айқындап, магмаға ұқсас жарық түсіреді.

Артқы орындықтағы жолаушыларға арналған желдету

Артқы орындықтағы жолаушыларға арналған желдету

Артқы желдету саңылаулары кондиционердегі ауаны артқы орындықтардағы жолаушыларға үрлеп, артқы жолаушылар үшін салонда жайлы атмосфера жасайды.

Автокөліктің алдыңғы және артқы бөліктеріндегі USB-порттар

Автокөліктің алдыңғы және артқы бөліктеріндегі USB-порттар

Алдыңғы орындықтардағы екі USB-порт және артқы желдету саңылауларының астында орналасқан зарядтайтын екі USB-порт барлық жолаушылар үшін салондағы жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Кең жүксалғыш

Кең жүксалғыш

Жүксалғыштың аса кең ойығы мен үш 9,5 дюймдік гольф сөмкесі сыйып кететін кеңістігі WRX-ті әртүрлі іске жарайтын қолайлы әрі таптырмас көлікке айналдырады.

icon icon icon icon icon

www.atyrau.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.