Лизинг

Subaru Kazakhstan Astana Motors Finance компаниясымен бірлесе отырып, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған Subaru автокөліктеріне «Жеңілдікті Лизинг» бағдарламасын іске қосты.

Қазақстан нарығында бизнес үшін жаңа Subaru автокөліктерін тартымды шарттармен лизингке алу мүмкіндігі бар.

 Қаржыландыру талаптары
  Жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға арналған
Сыйақы мөлшерлемесі жеке қарастырылады;
Аванстық төлем лизинг нысаны құнының 20%-ы
Лизинг мерзімі 37 айға дейін
  Сатып алынатын лизинг заты мәміленің жалғыз қамсыздандыруы болып табылады (қосымша кепіл талап етілмейді)

Біз әр клиентпен жеке тіл табысуға тырысамыз. Біздің міндетіміз – Сіздің бизнесіңіздің ең жақсы және сенімді серіктесі болу.

«Жеңілдікті лизинг» талаптары туралы толығырақ білу үшін жақын жердегі Subaru ресми дилерлік орталығына хабарласуға немесе сайтта өтінім қалдыруға болады.

Astana Motors Finance менеджерлерінің байланыс деректері:

Лизинг деген не? Лизинг – бұл әрмен қарай сатып алу құқығымен мүлікті ұзақ мерзімді жалдау.

Лизингтің артықшылықтары:

  • Айналым қаражатынан ақша ресурстарының ірі сомасын алмастан, минималды бастапқы инвестиция;
  • Сатып алынатын лизинг нысаны мәміленің жалғыз қамсыздандыруы болып табылады (қосымша кепіл талап етілмейді);
  • Лизингтік төлемдер өндіріс шығындарына кіреді, бұл салық салу базасын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді бөліп төлеу жүйелі төлемдердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді және Сізге активтеріңізді ұтымды басқаруға мүмкіндік береді;
  • Лизинг шартының әрекеті және барлық лизингтік төлемдерді төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг нысаны Лизинг алушының меншігіне өтеді.

 

icon icon icon icon icon

www.atyrau.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.